Құрылысқа рұқсат

Құрылысқа рұқсат

Компаниямыз үй салуға рұқсат алуға көмектеседі: “Рұқсат алудан бастап үйді пайдалануға беруге дейінгі қызметтердің толық тізбесі”.

Үй құрылысының ең алғашқы кезеңі — құрылысқа рұқсат алу. Құрылысқа рұқсат алу рәсімі мынадай:

1) Су құбырына техникалық шарттар алу.
2) Электр қуатына техникалық шарттар алу.
3) Учаскеде қызыл сызықтардың бар-жоғын тексеру.
4) Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын (ПДП) тексеру.
5) Үйдің эскиздік жобасы.

HotWell.KZ компаниясы болашақ үйді салуға рұқсат алуға көмектеседі. Бұл рәсім едәуір еңбекті қажет етеді, үй жобасын жасауға жобалау лицензиясы және басқа да құжаттар керек. Рұқсат алуда компаниямызбен бірлесіп жұмыс істесеңіз, кезекте тұрып, барлық қажетті құжаттарды жинаудың қажеті болмайды. Бізбен бірге үй салуға рұқсатты қысқа мерзімде аласыз. Әдетте бұл рәсім шамамен екі аптаға созылады.

Жобаға қойылатын белгілі талаптар

ҚР-да құрылыс пен жерді пайдалану тәртібін белгілейтін нормативтік актілер мен ережелер бар, оларды үй салғанда сақтау қажет. Заң бойынша үй құрылысына белгілі бір талаптар қойылады, оларды үйді жобалағанда ескеру керек. Құрылысқа рұқсатты ғимаратқа қойылатын міндетті талаптар ескерілгенде ғана алуға болады. Оларға мыналар жатады:

1) Ғимараттың рұқсат етілген биіктігі.
2) Жер учаскесі осы құрылыс жұмыстарына жарамды болуы керек.
3) Әртүрлі инженерлік жүйелердің болуы.
4) Үйдің рұқсат етілген м2 көрсеткіші.

Азаматтар арасында рұқсатты тек коммерциялық нысандарды салғанда алу керек деген пікір бар. Алайда құрылысқа рұқсат жеке ғимараттарды да, коммерциялық ғимараттарды да салғанда қажет. Егер құрылыс рұқсатсыз басталса, бұл әкімшілік айыппұлға немесе тіпті құрылысты бұзуға әкеледі.

Үй құрылысын бастамас бұрын не істеу керек?

ҚР-да құрылысқа рұқсат алуды жеңілдету 2018 жылы қабылданды. Қысқаша айтқанда, бүкіл рәсім бес тармақтан тұрады:

1) Су құбыры мен электр қуатына техникалық шарттар алу.
2) Құрылыс салудың сәулеттік жоспарын алу (АПЗ ХҚКО-да алынады).
3) Сәулет басқармасында келісілуі тиіс эскиздік жоба.
4) Соңғы кезеңде құрылыс аяқталғаннан кейін үй пайдалануға беріледі.

Құрылысқа рұқсат алу және үйді пайдалануға тапсырумен кез келген компания айналыса алмайды. Компаниямызбен бірлесіп жұмыс істегенде түрлі айыппұлдардан құтылуға кепіл алып, уақытыңызды, ақшаңызды және ең бастысы жүйкеңізді үнемдейсіз.

Қыста СИП-тен саламыз

СИП-панельдерден үй салудың үлкен артықшылықтарының бірі — СИП қабырғаларын тұрғызуды, шатыр жұмыстарын және басқа жұмыстарды қыста орындау мүмкіндігі, өйткені СИП қабырғаларын тұрғызғанда бетон жұмыстары болмайды. Бетон тек іргетас салу кезінде құйылады. Белгілі бір технологияларды қолдана отырып, бетонды қыста да құюға болатынын білеміз. HotWell.KZ компаниясында қыста бетон құюға барлық мүмкіндік пен жабдық және ең бастысы тәжірибе бар, бұл бізге СИП технологиясымен жыл бойы үй салуға мүмкіндік береді. Ендеше компаниямыздың нөлден төмен температурада бетон құю кезінде қандай әдістер мен технологияларды қолданатынын қарастырайық:

1) Бетонға арналған ПНСВ қыздыру кабелін трансформаторсыз пайдалану. ПНСВ кабелінің ұзындығы мен қыздыруға қажетті бетон көлемін дұрыс есептесе, бетонды ПНСВ кабелімен трансформаторсыз қыздыруға болады. Толығырақ «Қыста СИП үйін салу» бейнемізден көріңіз.
2) Бетонға арналған ПНСВ қыздыру кабелін трансформатормен қолдану - дәстүрлі әдіс.
3) Бетонға пластификаторлар мен аязға қарсы қоспалар қосу және ыстық су қолданылған М-350 маркалы бетонды пайдалану.
4) Тағы бір кең тараған әдіс — жылыту үшін дизельді жылу зеңбіректерін қолданып, жылытылатын уақытша қоршау жасау.

HotWell.KZ компаниясы қыста бетон құю үшін жоғарыда аталған барлық тәсілді қолданады. Бұл қысқы кезеңде СИП панельдерінен сапасын жоғалтпай үй тұрғызуға мүмкіндік береді.

HotWell.KZ компаниясының қысқы СИП құрылысы, видео ⇩