Алматыдағы пластик терезелер
Оқуға ≈ 2 мин
Алматыда ескі ағаш терезені жаңа пластик терезеге ауыстыруды бірнеше компания ұсынады. Олар өнімінің артықшылығын айтып, төмен бағалар мен жеңілдіктерге қызықтырады. Осынша ұсыныстың ішінен арзан әрі сапалы нұсқа таңдау қиын, бірақ мүмкін.
Алматыдағы пластик терезелер: жалпы сипаттамалар және қосымша мүмкіндіктер
Қазақстандағы үйлер жаңа есік пен терезе құрылымдарын орнатудың арқасында көріктене түсуде. Әсем көріністен бөлек, барлық пластик жақтаудың ағаш жақтаудан бірқатар артықшылығы бар:
• пластик терезелердің төмен бағасы — Алматыда арзан үлгілерді жаңа ағаш жақтауларға тапсырыс бергеннен бірнеше есе арзан сатып алуға болады;
• ауа өткізбейтіндігі — пластик терезе орнатылған бөлмелерде жел өтпейді;
• үнемділік — оларды пайдалану жылыту шығынының 20%-ына дейін үнемдеуге мүмкіндік береді;
• дыбыс оқшаулау — көшедегі шу пәтерге өтпейді;
• ауа ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне төзімділік — суланғанда ісінбейді және қисаймайды.
Энергия үнемдеу және дыбыс оқшаулау қасиеті жоғары бұйымдарда көп камералы пластик профиль және үштік шыныпакеттер қолданылады. Кәдімгі ақ жақтаулармен қатар ағашқа ұқсас модельдер де шығарылады. Жеке үй мен бірінші қабаттағы пәтер иелері бұзып кіруден қорғайтын фурнитурасы бар терезе алады. Зауыттар мен автомагистральдар маңында тұратындар өздігінен тазаланатын шыныны жиі таңдайды. Бірақ қосымша мүмкіндіктері бар тауар арзан болмайды.
Сатып алушы ұнаған терезесін таңдап алғаннан кейін оны орнына орнату қажет. Әдетте ескі құрылым бірден жаңасына ауыстырылады. Бұл оңай көрінгендіктен, көп үй иесі арзан тәсілді — өз қолымен орнатуды таңдайды. Бірақ өздігінен монтаждағанда технологияны бұзу қаупі бар. Жиі қателіктер:
• ойықты ұқыпсыз тазалау — терезе берік бекітілмей, қисайып кетуі немесе қатты желде тіпті құлап түсуі мүмкін;
• деңгейден ауытқу — ашылатын жарма үйкеліп, жақтауға тығыз жабылмайды;
• жікті жеткіліксіз герметизациялау — пәтерге сырттан ауа кіреді.
Нәтижесінде терезе қызметін атқармай, мерзімінен бұрын істен шығады. Орнатуды мамандарға тапсырған дұрыс. Оның үстіне бұл арзан қызмет жалпы бағаны көп өсірмейді.


